Атырау, 29 маусым 14:45
 дождьВ Атырау +18
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Таиландта полиция ұшағы апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты

1 328 рет қаралды

Прачуапкхирикхан провинциясының жағалауында полицияның шағын ұшағы апатқа ұшырап, борттағы алты қызметкер қаза тапты. Бұл туралы елдің полиция баспасөз қызметі хабарлады.

Бар мәліметтерге сәйкес, DHC-6-400 Twin Otter үлгісіндегі әуе кемесі жоспарланған парашюттік жаттығулар алдында сынақтық ұшу орындаған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша таңғы 08:00-де Хуахин ауданынан ұшып шыққан, бірақ көп ұзамай апатқа ұшырап, Хуахин әуежайының маңындағы теңізге құлаған.

Борттағы барлық алты полиция қызметкері қаза тапты. Оқиға бойынша тергеу басталды.

25 сәуір 2025, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.