Атырау, 5 желтоқсан 09:30
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында жаңғыртудан кейін битумның бірінші партиясы алынды

1 052 рет қаралды

Ақтаудағы Caspi Bitum битум зауыты жаңғырту жобасының маңызды кезеңін аяқтады. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес іске асырылған бұл жоба аясында жаңартылған өндірістік қуаттардың жұмысқа дайындығын растайтын 740 тонна жол битумының алғашқы партиясы шығарылып, сапа паспорты алынды.

Жаңғырту аясында мұнай өңдеу қуаты жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттырылмақ. Бұл мақсатта ЭЛОУ-АВТ қондырғысы толықтай жаңартылып, негізгі технологиялық жабдық ауыстырылды.

Модернизацияның ең маңызды кезеңдерінің бірі — биіктігі 40 метр, салмағы 140 тонна болатын Т-1102 вакуумды бағананың күрделі монтаждау жұмыстары. Бұл инновациялық құрылғы жаңа су сақиналы вакуум жүйесін қолдана отырып, жоғары сапалы гудрон алуға және битум өндірісін жақсартуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар:

  • Атмосфералық бөлік жаңартылды, 
  • Технологиялық пештер ауыстырылды,
  • Жылу алмасу және сорғы жабдықтары модернизациядан өтті,
  • Автоматтандыру және бақылау жүйелері жаңартылды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың қараша айында басталып, CITIC Construction бас мердігер ретінде жобаны басқарды. 220-дан астам маман тәулік бойы жұмыс істеп, процесті жоспарланған мерзімнен бір ай бұрын аяқтады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 76 миллион доллар болды.

Caspi Bitum зауыты 2025 жылдың мамыр айының басында ресми түрде іске қосылады. Бұл Қазақстан үшін стратегиялық маңызды қадам, өйткені жаңартудан кейін битум өндірісі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін артады. Бұл өсім елдегі жол құрылысының белсенді дамуына оң әсер етеді.

25 сәуір, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.