Атырау, 5 желтоқсан 09:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

БТК жобасының жаңа басшысы тағайындалды: Даурен Рахимбергенов Қаламқас-теңіз кен орнында зауыт құрылысын басқарады

1 209 рет қаралды

"Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС-нің БТК (Жағалау технологиялық кешені) жобасының жаңа басшысы болып Даурен Рахимбергенов тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.

Даурен Қаламқас-теңіз оффшорлық кен орнындағы мұнайды тазарту бойынша жерүсті зауытының құрылысын басқаруға жауапты болады.

Оның ірі жобалар нысандарын игеру саласында 19 жылдық тәжірибесі бар (ТШО, НКОК, КПО), сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобының жобаларында жұмыс істеген.

ҚазҰТУ түлегі, еңбек жолын 2006 жылы "Каспиймұнайгаз" жобалау институтында техник ретінде бастаған.

Әр жылдары WorleyParsons, Petrofac (БАӘ) және "НИПИ Каспиймұнайгаз" АҚ сияқты сервистік компанияларда жұмыс істеген.

Соңғы жылдары Қарашығанақ кен орнында ірі жобаларды іске асыру бойынша Ақсай қаласындағы Өкілетті органның жобалық тобына жетекшілік еткен.

Еңбектегі ерекше жетістіктері үшін ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық марапаттарымен марапатталған.

25 сәуір, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.