Атырау, 5 желтоқсан 09:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«АМӨЗ» ЖШС 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифін төмендетеді

1 031 рет қаралды

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) 2025 жылғы 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифінің төмендейтінін хабарлайды. Жаңа тариф қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тонна үшін 47 000 теңгені құрайды. Бұл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 7 450 теңгеге арзан. Бұған дейін тариф бір тонна үшін 54 450 теңге болған (ҚҚС-сыз). Бұл туралы компанияның Telegram-арнасында хабарланды.

Тарифті төмендету туралы шешім мұнай өндіруші компаниялардың табысын теңестіру үшін қабылданды. Бұл еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізушілер үшін бірдей жағдай жасауға әрі  экономикалық ахуалды теңестіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы мұнай өнімдерін одан әрі нығайтуға жол ашады.

Тарифтің төмендеуі АМӨЗ-дің кредиттік міндеттемелерін өтеу кестесін оңтайландыру нәтижесінде мүмкін болды.

25 сәуір, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.