Атырау, 21 мамыр 09:16
 ашықВ Атырау +22
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

​Баға бақылауда: Атырауда ұн, жұмыртқа және күріштің бағасы түсті

1 074 просмотра
ChatGPT жасаған сурет

Өңірде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар бағаны тұрақтандыру және қала тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр. Ол туралы Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Алтынай Ерубаева мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, мониторинг нәтижесінде негізгі азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген. Атап айтқанда, І сұрыпты ұн 204 теңгеден 198 теңгеге түсіп, 2,9%-ға арзандаған. Сонымен қатар С1 санатты 10 дана жұмыртқаның құны 519 теңгеден 462 теңгеге дейін түссе, күріш 489 теңгеден 432 теңгеге төмендеген.

Әлеуметтік маңызы бар ұн мен жұмыртқа сынды өнімдер қаладағы жергілікті кәсіпорындарда өндіріледі. Ұнмен «Карат» ЖШС, «Дәулет Нан» және «Желаев астық өнімдері комбинаты» ЖШС қамтамасыз етсе, жұмыртқаны «Дәулет құс» фабрикасы өндіреді. Бұл фабрика айына 4,5 млн жұмыртқа шығару қуатына ие. Ал күріш көршілес Ресей Федерациясынан және Қызылорда облысынан жеткізіледі. Қазір бұл өнімдер «Идеал», «Лидер», «Payda» супермаркеттерінде арзан бағада сатылып жатыр.

Сондай-ақ тұрғындарды арзан азық-түлікпен қамтамасыз етіп, жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында сенбі және жексенбі күндері екі мекенжайда жәрмеңке ұйымдастырылады. Жәрмеңкелерде өңірде өндірілген ет, сүт өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер қолжетімді бағамен ұсынылады. Ал кәсіпкерлер өз өнімдерін «Мұнайшы» спорт кешені мен «Сарайшық» коммуналдық базарының алдында өтетін жәрмеңкелерде сата алады. Олар үшін шатыр, арнайы киім және мекеме атауы жазылған табло тегін беріледі.

24 сәуір, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.