Атырау, 21 мамыр 09:23
 ашықВ Атырау +22
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Атырау облысында шегірткеге қарсы күреске дайындық басталды

988 просмотра

Биыл аймақтағы 100 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы химиялық өңдеуден өтпек.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапанов мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, үйірлі жәндіктерге қарсы 65 мың га (оның ішінде 16 мың га азиялық, 49 мың га итальяндық прус шегірткесі) және 38,7 мың га алқап саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеуден өтеді деп жоспарлануда. 

Бүгінде шегіртке зиянкестерінің көктемгі күбіршіктеріне зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Көпжылдық орташа көрсеткіштерді зерделей отырып, аймақта итальян прусы дернәсілдері мамырдың 1-15-і, ал азиялық шегіртке дернәсілдері 10–25 мамыр аралығында оянады деген болжам бар. Соған сәйкес итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу 18-25 мамырда, азиялық шегірткеге қарсы жұмыстар 25 мамыр - 5 маусым аралығында басталады деп күтілуде.

- Өңдеу жұмыстары облыстың төрт ауданы және Атырау қаласына қарасты ауылдық округтерде атқарылады.Үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтермен жүргізіледі және өсімдіктерді қорғау жұмыстары мемлекеттік инспекторлар тарапынан қадағаланады. Қазір облыста химиялық өңдеуге жатқызылған жер көлемдеріне байланысты өңдеу жүргізетін мекемелер арасында комитетпен өткізілген конкурс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, тиісті келісім-шарттар жасақталды,- деді А. Қапанов.
24 сәуір, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.