Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп миллионерлерге салықты көтеруден бас тартты

539 рет қаралды
Сурет: Nathan Howard / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп ең бай америкалықтарға салықты көтеру идеясын «өте зиянды» деп атады. Оның пікірінше, мұндай жағдайда адамдар елден кетіп қалуы мүмкін, деп хабарлайды Коммерсантъ.

«Менің ойымша, бұл өте зиянды болар еді, миллионерлер елден кетіп қалады. Мұндай шараларды қабылдаған басқа елдер көптеген адамдарынан айырылды. Олар өздерінің бай азаматтарын жоғалтады. Бұл жаман болады, өйткені бай адамдар салық төлейді», – деді Трамп 23 сәуір күні.

Соңғы апталарда Республикалық партия өкілдері ең бай адамдарға салықты көтеру мүмкіндігін белсенді түрде талқылады. Әңгіме жылдық табысы 1 миллион доллардан асатын адамдарға салықты қазіргі 37%-дан 40%-ға дейін көтеру туралы болды.

БАҚ мәліметінше, дәстүрлі түрде салықты көтеруге қарсы партияның мұндай ұсынысы бюджеттің жаңа кіріс көздерін табу қажеттілігімен және партияның электоралды базасының жұмысшы табы жағына қарай ауысуымен байланысты.

Кейбір есептеулер бойынша, байларға арналған салықты 40%-ға дейін көтеру алдағы онжылдықта бюджетке қосымша 400 миллиард доллар кіріс әкелуі мүмкін.

24 сәуір, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.