Атырау, 5 желтоқсан 07:25
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

Бейнежазба
1 477 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

24 сәуір күні таңертең Атырау облыс орталығында "RAMS Garden Atyrau" тұрғын үй кешенінде ағаш қалып жанған. Төтенше жағдай қызметіне 05:23-те қоңырау түскен.

13 және 14-қабат арасындағы ағаш конструкциялар отқа оранды. Өрт аумағы - 450 шаршы метр.

Өрт сөндірушілер жедел жетті. Сағат 06:48-де жалын оқшауланып, 07:04-те толық сөндірілді. Тұрғын үйлерге зиян келмеген, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 32 құтқарушысы және 9 техника жұмыс істеді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА


24 сәуір, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.