
24 сәуір күні сағат 05:40-та Түрксіб станциясында жеке меншік иелеріне тиесілі бірнеше жүк вагоны рельстен шығып кетті.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның салдарын жою үшін Тараз және Шу станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жедел жөнелтілді.
«Оқиғаның себептері анықталуда», – делінген ресми хабарламада.
Мамандар вагондардың рельстен шығу себептерін тексеруге, сондай-ақ келтірілген шығынды бағалап, қозғалысты қалпына келтіруге кірісті.
В Атырау -2