Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Тәжікстанда магнитудасы 4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді

519 рет қаралды

Тәжікстанда магнитудасы 4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Рашт ауданынан 38 км шығысқа қарай орналасқан.

24 сәуір, бейсенбі күні, Тәжікстан астанасы Душанбеден 176 км солтүстік-шығысқа қарай жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Тәжікстанның Төтенше жағдайлар комитеті (КЧС) хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан құрбандар мен қираулар тіркелмеген, инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлерге зиян келмеген.

Геофизикалық қызмет мамандары аймақтағы сейсмикалық белсенділікті бақылауды жалғастыруда және халықты сабыр сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Атап айтқанда, Тәжікабад ауданындағы 156 отбасы және Рашт ауданындағы 260 отбасы ұн, өсімдік майы, бұршақ, гигиеналық жиынтықтар, ас үй және төсек жабдықтары, жанар-жағармай, су ыдыстары түріндегі азық-түлік және тұрмыстық көмек алды.

Көмек Төтенше жағдайлар комитетінің арнайы техникасы арқылы жеткізіліп, аудандық төтенше жағдайлар комиссияларының қатысуымен тұрғындарға таратылды.

24 сәуір, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.