Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Е3 елдері Трамптың бейбітшілік жоспарын қолдайтынын растады

600 рет қаралды

Ұлыбритания, Франция, Германия және Украина АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеу жоспарын қолдайтынын тағы да растады, деп хабарлайды АА.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің өкілі жазбаша мәлімдемесінде Лондонда өткен кездесуге Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, сыртқы істер министрі Андрей Сибига және қорғаныс министрі Рустем Умеров қатысқанын хабарлады.

Министрлік өкілінің айтуынша, кездесу E3 елдері (Ұлыбритания, Франция, Германия), сондай-ақ АҚШ пен Украина өкілдері арасында өтті. «Барлық тараптар зорлық-зомбылықты тоқтату және әділ әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу бойынша президент Трамптың күш-жігерін қолдауға деген шешімін тағы да растады», – делінген мәлімдемеде.

Өкіл келіссөздердің сәтті өткенін атап өтіп, «болашақ қадамдар бойынша ортақ келісімге қол жеткізу бағытында маңызды қадамдар жасалғанын» айтты. Тараптар тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Өткен аптада Ұлыбритания, Франция және Германия Парижде АҚШ пен Украина өкілдерімен Ресей мен Украина арасындағы соғысты талқылау үшін кездесу өткізді. Келесі кездесу Лондонда өтетіні хабарланды.

24 сәуір, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.