
Аукцион Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтеді, басталуы сағат 11:00-ден кешіктірілмейді деп жоспарланған. Қатысуға өтінімдер 29 сәуірге дейін қабылданады. Құжаттарда қандай да бір сәйкессіздіктер анықталса, қатысушылар оларды 8 мамырға дейін www.gosreestr.kz порталында түзете алады.
Министрліктің мәліметінше, аукционға келесі учаскелер қойылған:
Айыртау-II (Шығыс), Атырау облысы - өндіріс, ауданы 1,11 км², бастапқы бонус 39 320 000 теңге.
Түбежік (Қарақұм), Маңғыстау облысы – барлау және өндіру, ауданы 132,64 км², бастапқы бонус 98 300 167 теңге.
Жамансу Северный, Қызылорда облысы – барлау және өндіру, ауданы 334,09 км², бастапқы бонус 11 796 000 теңге.
Иман-Қара, Атырау облысы – битумды тау жыныстарын өндіру, ауданы 0,182 км², бастапқы бонус 41 129 943 теңге.
Жаркент, Жетісу және Алматы облыстары – барлау және өндіру, ауданы 2 560,44 км², бастапқы бонус 41 679 200 теңге.
Көкой, Жамбыл облысы – барлау және өндіру, ауданы 1 301,81 км², бастапқы бонус 20 760 960 теңге.
Даринское, Батыс Қазақстан облысы – барлау және өндіру, ауданы 27,6 км², бастапқы бонус 134 072 474 теңге.
Южно-Гремяченское, Батыс Қазақстан облысы – барлау және өндіру, ауданы 27,14 км², бастапқы бонус 74 724 542 теңге.
Қаратусай, Ақтөбе облысы – барлау және өндіру, ауданы 91,58 км², бастапқы бонус 11 796 000 теңге.
Сарысу, Қызылорда және Түркістан облыстары – барлау және өндіру, ауданы 1 997,69 км², бастапқы бонус 32 635 600 теңге.
Үстірт №2 учаскесі, Маңғыстау облысы – барлау және өндіру, ауданы 5 456,65 км², бастапқы бонус 86 307 400 теңге.
Кепілдік жарнаның мөлшері жер қойнауын пайдалану түріне байланысты және бір бастапқы мөлшерден екі бастапқы мөлшерге дейін құрайды. Бірнеше учаскеге өтініш берген кезде төлем әрбір нысан үшін бөлек жүргізіледі. Тіркеу жарнасы 100 есе АЕК мөлшерінде белгіленген (2025 жылы — 393 200 теңге).
Минималды міндеттемелерге сейсмикалық барлау жүргізу, бұрғылау, әлеуметтік жобаларға қатысу және жергілікті кадрларды даярлау кіреді. Геологиялық ақпарат «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ арқылы қолжетімді. Байланыс деректері: +7 (7172) 57-93-47, e-mail: delo@geology.kz
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
В Атырау +4