Атырау, 5 желтоқсан 09:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысы заң бұзғаны үшін айыпталды

603 рет қаралды
Сурет: Yonhap

Оңтүстік Кореяның жергілікті прокуратурасы бұрынғы мемлекет басшысы Мун Чжэ Инді пара алды деген күдікпен сотқа берді, деп жазады Yonhap агенттігі.

24 сәуірде Чонджу қаласының аймақтық прокуратурасы Мун Чжэ Инді «Арнайы қылмыстарға қатаң жаза қолдану туралы» заңды (парақорлық бабы) бұзды деп айыптап, сотқа берді деп жазады агенттік.

Прокуратура бұрынғы депутат әрі Eastar Jet әуе компаниясының негізін қалаушы Ли Сан Джикті пара алу және қызметтік міндеттерін дұрыс орындамады деген айыппен сотқа берді. Алайда, экс-президенттің қызы мен күйеу баласына қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, Ли Сан Джик Шағын және орта бизнес корпорациясының басқарма төрағасы қызметін атқарып тұрған кезде, 2018 жылдың наурыз айында Мун Чжэ Иннің күйеу баласы Eastar Jet-тің Таиландтағы филиалына басқарма мүшесі ретінде қабылданған. Прокуратура бұл жағдайды мұқият тексеріп жатыр.

24 сәуір, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.