Атырау, 8 желтоқсан 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кетті

548 рет қаралды
Сурет: видео скриншот

Оқиға Әл-Фараби көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астана қалалық Полиция депратаменті болған жағдайды растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы жүргізуші Dongfeng маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Әл-Фараби көшесі бойындағы аула аумағында қауіпсіздікке көз жеткізбей, 6 жастағы велосипед теуіп жүрген баланы қағып кетті. Бала бірден ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Бүлдіршін ауруханаға жеткізілгенімен, ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.

24 сәуір, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.