Атырау, 22 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атыраудағы балалар алаңдарының сапасы ата-аналарды алаңдатып отыр

823 рет қаралды

Атырауда ата-аналардың балалардың ойын алаңдарына қатысты шағымы көбейді. Әсіресе, Водников-2 ықшамауданы мен Қызылбалық ауылындағы жағдай тұрғындардың мазасын қашырып отыр. 

Водников-2 ықшамауданы тұрғындарының айтуынша, алаң тозып кеткен. Ағаш құрылымдары қирап, шегелері шығып тұр. Мұндай алаңда балалардың ойнауы былай тұрсын, жарақат алу қаупі жоғары.  

-  Күн жылынды, балалар далаға шыққысы келеді, бірақ ойнайтын жер жоқ. Бұзылған әткеншекке жақындауға қорқамыз. Балалар топырақтың үстіне көк шаңын шығарып футбол ойнайды. Жаңа ойына алаңы тек біздің көшеге емес, бүкіл ауданға қажет, – дейді жергілікті тұрғындар. 

Жаңа алаң бір жылға да жетпеді 

Дамбы округіне қарасты Қызылбалық ауылындағы жағдай да мәз емес. Мұнда былтыр ғана салынған ойын алаңның төсеніші өзімен өзі үгітіліп, сапасыз материалдар қолданылғаны байқалады. Жаңа алаңның өзі жарамсыз күйге түскен. 

Атырау қалалық әкімдігі Водников-2 ықшамауданындағы мәселе назарда екенін хабарлады. "Аталған аудан ойын алаңын орнату бойынша жұмыс жоспарына енгізілді", – дейді әкімдік өкілдері. 

Ал Қызылбалықтағы бұзылған алаң бойынша мердігер мекеме кепілдік мерзімі аясында қайта жасап беруге міндеттеледі. Бұл жұмыс та бақылауда, деді әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Салыстыру үшін айтар болсақ, Сәтпаев даңғылында бес жылдан астам уақыт бұрын демеушілік тарту еткен кеме түріндегі балалар ойын алаңы көлік қозғалысының көптігіне қарамастан әлі де жақсы күйде.

Қалай дегенмен де, мұның бәрі сапаға және жұмысқа деген көзқарасқа байланысты.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

24 сәуір, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.