Атырау, 21 наурыз 16:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​ «Астана–Өскемен» бағытындағы пойызда спутниктік интернет қызметі іске қосылды

Бейнежазба
502 рет қаралды
Видеодан алынған скрин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №67/68 «Астана–Өскемен» бағытында жоғары жылдамдықты спутниктік интернет қызметін іске қосты.

Бұған дейін пилоттық жобаның алғашқы кезеңі №3/4 «Астана–Алматы» пойызында сәтті жүзеге асырылып, жаңа қызметті 24 000-нан астам жолаушы пайдаланды.

Жаңа технология теміржол саласын цифрландыру шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile және Kaztechnology компанияларының бірлескен серіктестігі аясында енгізілді.

№3/4 «Астана–Алматы» пойызында жүргізілген пилоттық жоба жолаушылар тарапынан интернетке деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Сауалнама қорытындысы бойынша, жолаушылардың басым бөлігі интернетті жақындарымен байланысу (27%), жұмыс істеу (25%) және ойын-сауық контентін көру (22%) мақсатында пайдаланғаны белгілі болды.

23 сәуір 2025, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.