Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Стамбұлда 6,2 балдық жер сілкінісі болды

509 рет қаралды

23 сәуір 2025 жылы Стамбұлдың Силиври ауданында 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелгеннен кейін, 12:49-да 6,2 балдық тағы бір күшті жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісі 10 секундқа созылып, үлкен дүрбелең туғызды. Дүмпу айналасындағы аймақтарда да сезілді, ал Бүйүкчекмедже ауданында 4,9 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу "Алғашқы тексерулерде жолдарда, әуежайларда, пойыздар мен метро желілерінде ешқандай зақым немесе қауіп анықталған жоқ" деп хабарлады.

Кішікчекмедже мэрі Кемал Чеби "Қирау немесе жарақат алу жағдайы жоқ. Ешқандай шағым түскен жоқ. Бірақ көлік қозғалысы тығыз" деп мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Али Ерлікая AFAD және басқа тиісті мекемелердің барлық топтары аймақты тексеруге кіріскенін айтты.

AFAD тұрғындарды қауіпті ғимараттарға кірмеуге шақырды.

23 сәуір, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.