Атырау, 12 сәуір 04:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

​БҚО прокуратурасы 1249 баланың құқығының бұзылуына жол бермеді

490 рет қаралды
Сурет: freepik.com

БҚО прокуратурасы 70 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жою арқылы 1249 баланың құқықтарының бұзылуының жолын кесті. Сырым ауданының білім бөлімі 2025 жылғы 29 қаңтарда ауылдық мектептердегі 1-4 сынып оқушылары үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 71,7 млн теңге сомасына 9 конкурс жариялады.

Алайда конкурстық құжаттаманы зерттеу барысында ұсынылған перспективалық мәзір санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтіні анықталды.

Мәзірде кейбір күндері балаларға қажетті сүт, қант және май жеткілікті көлемде қарастырылмаған. Сонымен қатар, 5 компоненттен тұратын күрделі салат енгізілген, бұл қоғамдық тамақтану нысандарына арналған санитарлық талаптарды бұзу болып табылады.

Сондай-ақ, 200 гр шырынның орнына 165 гр көлемінде көрсетілген, бұл бекітілген нормалардан төмен.

Осыған байланысты Сырым ауданы прокуратурасының наразылығы негізінде конкурстардың күші жойылды.

23 сәуір 2025, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.