Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Молдова кеңес жауынгерлерінің сүйегін жерлеуге қарауыл ​жіберуден бас тартты

571 рет қаралды
Сурет: Александр Миридонов, Коммерсантъ

Молдова Қорғаныс министрлігі Қызыл Армия жауынгерлерінің сүйегін жерлеу рәсіміне құрметті қарауыл мен әскери оркестр бөлуден бас тартты. Министрлік бұл өтінішті ел президенті Майя Сандуға жолдады, деп хабарлады Коммерсантъ «Победа» үйлестіру комитетінің жетекшісі Алексей Петровичке сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігіне мемлекеттік гимн орындау үшін оркестр, салют командасы және құрметті қарауыл бөлу туралы петиция жіберілген. Сонымен қатар, 3 мамырда өтетін шара барысында "Шерпенский плацдарм" мемориалдық кешенінде Мәңгілік алауды жағу туралы өтініш айтылған.

"Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік хатшысы, бригадалық генерал Игорь Кутие, бұл сұранысты Жоғарғы Бас қолбасшыға жолдауды ұсынды. Қаза тапқан сарбаздардың әскери құрметке лайық екендігін Санду ханым өзі шешеді екен," – деп жазды Петрович Telegram-да.

2023 жылдың көктемінде Молдовада Георгий лентасы, V және Z белгілері экстремистік символдар ретінде танылған. Ел билігі 9 мамырда Георгий лентасын таққан тұрғындарға айыппұл салынатынын ескерткен. Президент Майя Санду бұл күнді "Бейбітшілік күні" ретінде атап өтетінін мәлімдеген.

23 сәуір, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.