Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Тальковты өлтірген адам 13 жылға сотталды

519 рет қаралды

Ресейдің Тергеу комитеті Игорь Тальковты өлтіргені үшін Валерий Шляфманның кінәсін дәлелдеді, оны сырттай 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл туралы Санкт-Петербург соттарының Telegram-арнасы хабарлады.

"Сот Валерий Петрович Шляфманды кінәлі деп танып, оны жалпы режимдегі түзету колониясында 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады," – деп мәлімдеді Петроград аудандық сотының судьясы.

Ресейдің Тергеу комитеті Тальковтың өліміне қатысты тергеу әрекеттерінің барысын көрсететін бейнематериалды жариялады. Тергеу барысында "Юбилейный" спорт сарайының сахна артында болған жанжал кезінде Шляфман Тальковқа тапаншадан оқ атып, оны өлімге душар еткені анықталды.

Шляфман 1992 жылы Израильге қашып кеткен және сол жылы абайсызда кісі өлтіру бойынша сырттай айыпталған. 2021 жылы іс қайта қаралып, тергеушілер қылмыстың қасақана жасалғанын анықтады.

23 сәуір, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.