Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Илон Маск әкімшілік қызметін азайтып, компанияларына көбірек көңіл бөлетінін мәлімдеді

437 рет қаралды

Илон Маск мамыр айынан бастап АҚШ-тың Трамп әкімшілігіндегі қызметін қысқартып, өз компанияларын басқаруға қайта оралатынын хабарлады. Ол Үкіметтің тиімділігі департаментінде (DOGE) жұмыс істеп, қаржылық тәртіпті реттеу бойынша негізгі міндеттерді орындағанын айтты, деп хабарлайды BBC News Русская служба

Tesla компаниясы 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін жариялады, онда таза пайда 71%-ға төмендегені көрсетілген. Tesla-ның кірісі 19,3 млрд долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға азайған.

Маск DOGE-ден толық кетпейтінін, бірақ оған уақыттың 40%-ын ғана арнайтынын мәлімдеді.

Tesla компаниясы 337 мың электромобиль сатты, бұл соңғы екі жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Дегенмен, 600 млн долларды "жасыл" автомобильдер квоталарын сатудан тапқан.

Tesla акцияларының бағасы Масктың компанияларына көбірек көңіл бөлетіні туралы уәдесінен кейін өсті. Сонымен қатар, маусым айында жаңа, қолжетімді электромобиль моделін өндіруді бастау жоспарлануда.

23 сәуір, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.