
Көкшетау қаласының полициясы бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Құқық қорғау органдарына жеке такси жүргізушісі арызданып, белгісіз адамдардың жүйелі түрде ақша талап етіп, қорқытып жүргенін жеткізген. Жәбірленуші бірнеше рет күш қолдану және зәбір көрсету арқылы ақша бопсалау фактілерін баяндаған.
Полиция жедел іздестіру шараларын қолға алып, күдіктілерді бейнематериалдар арқылы қылмыс үстінде ұстады – олар жәбірленушіден ақша алған сәтте құрықталған.
Күдіктілер 29 және 24 жастағы үш жергілікті тұрғын, олардың екеуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазір бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
В Атырау -2