Атырау, 5 желтоқсан 09:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мұнай бағасы төмендесе де, Қазақстанда бензин арзандамайды

761 рет қаралды

Әлемдік нарықта мұнай бағасының күрт төмендеуі Қазақстандағы бензин бағасына әсер етпейді.

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысының кулуарында мәлімдеді.

"Тарихи тұрғыдан алғанда, мұнай бағасының ауытқуы Қазақстандағы бензин бағасын белгілеуге әсер еткен емес. Бүгінде бізде халықаралық нарықпен мұндай байланыс жоқ," – деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда бензин бағасы ішкі сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады және сыртқы нарықтағы баға өзгерістеріне тікелей тәуелді емес.

"Бүгінде елде үш ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді, олар Қазақстанның бензин мен отынға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан әлемдік мұнай бағасына тікелей тәуелділік жоқ," – деп атап өтті Ақкенженов.

Айта кетейік, 7 сәуірде Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63,06 долларға дейін төмендеді, бұл 2021 жылдың тамызынан бері ең төменгі көрсеткіш. Бағаның төмендеуіне себеп – жаһандық экономиканың баяулауы туралы болжамдар және нарықтағы ұсыныстың артуы.

23 сәуір, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.