Атырау, 21 желтоқсан 13:36
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда жас ұстаздарға арналған UstazHub форумы өтті

467 рет қаралды

Бүгін, 23 сәуірде Атырау қаласындағы «Абай» орталығында жас ұстаздарға арналған UstazHub форумы өтті. Іс-шараны қалалық білім бөлімі Білім-инновация қоры және «Qundylyq.kz» оқу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Шара сахналық қойылыммен басталды. Онда сабақ барысындағы оқушы мен мұғалім арасындағы диалог көрсетіліп, оқушылардың БЖБ мен ТЖБ-ға дайындық кезіндегі уайымдары бейнеленді.

Қазіргі таңда Атырау қаласында 78 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Оларға 7000-нан астам мұғалім сабақ береді. Оның ішінде 1900-ден астамы — еңбек өтілі 7 жылға дейінгі жас мамандар. Форумға қалалық мектептерден 500-ге жуық жас ұстаз бен мектеп директорлары қатысты. 

Бұл форум  UstazHub жобасы аясында тоғызыншы рет өткізіліп отыр, ал Атырау — аталмыш шараны қабылдап отырған он төртінші өңір.

Іс-шара аясында цифрландыру, тәрбие, ұлттық құндылықтарды білім беру процесіне енгізу және ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

«Білім-Инновация» лицейлері мұғалімдерінің тәжірибесін еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне енгізу жоспарлануда.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

23 сәуір, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.