Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қырғызстанда "Русский дом" қызметкері ұсталды

470 рет қаралды

Қырғыз арнайы қызметі Ош қаласында "Русский дом" қызметкері Наталья Секеринаны жалдамалы әскери күштерді тартуға байланысты күдікпен ұстады. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Жоғарғы соты ТАСС агенттігіне хабарлаған.

Бішкектегі Первомайский аудандық соты тергеушінің өтінішін қарастырып, Секеринаны 2025 жылдың 17 маусымына дейін қамауға алу туралы шешім қабылдады. Күдіктінің азаматтығы нақтыланып жатқан көрінеді. Соттың мәліметінше, ол жалдамалы әскери күштерді тарту, қаржыландыру және дайындау арқылы қарулы қақтығыстарға қатысу немесе мемлекеттік билікті құлатуға әрекеттену баптары бойынша күдікке ілінген. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 7 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Бұл іс бойынша тағы төрт адам, соның ішінде Ош мэриясының баспасөз қызметінің қызметкері ұсталды.

Бұған дейін Қырғызстан елшісі Кубанычбек Боконтаев Ресей билігіне Мәскеудегі "Бодрость" моншасында ұсталған Қырғызстан азаматтарына қатысты ресми түрде жүгінген. Ол бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Ресей тарапынан әділ және объективті қарастыруды сұраған.

23 сәуір, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.