
Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ визасының күші жойылғанын хабарлады. Бұл туралы ол үкіметтік іс-шара барысында мәлімдеді, деп хабарлайды 1news.az.
"Мен қазір [АҚШ-қа] бара алмаймын, себебі менің визамның күшін жойды деп ойлаймын. Оған қажеттілік болмады, бірақ мейлі. Мен Дональд Дакты бірнеше рет көрдім," – деді президент Петро.
Алайда, Колумбияның Сыртқы істер министрлігі Петроның визасы жойылмағанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, бұл жағдай АҚШ президенті Дональд Трамптың санкцияларына байланысты түсінбеушілік салдарынан туындаған. Бұл санкциялар депортацияланған колумбиялықтарды қайтарған ұшаққа байланысты шиеленіс аясында жарияланған.
В Атырау +4