
Бүгін, 23 сәуірде Түркия Ұлттық егемендік және балалар күнін атап өтуде. Бұл күн 1920 жылы Анкарада Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (парламент) бірінші шақырылымы жұмысының басталуымен тұспа-тұс келеді.
Ұлттық егемендік және балалар күні (түр. Ulusal Egemenlik ve Çocuk Bayramı) – Түркияның ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі. Ол елдің егемендігінің орнауы мен балалардың – ұлттың болашағы ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.
Жыл сайын бұл айтулы күнге орай елдің түкпір-түкпірінде мерекелік іс-шаралар өтеді:
- Шәкірттер, музыкалық және би қойылымдарын ұйымдастырып, мектептерде ұлттық егемендіктің маңызы мен балалардың қоғамдағы рөліне арналған арнайы бағдарламалар дайындайды.
- Қалалық алаңдарда мектеп оқушыларының өнер көрсетуі, концерттер мен басқа да мерекелік шаралар өткізіледі.
- Билікті символикалық түрде балаларға тапсыру дәстүрі бар: олар парламентте, министрліктерде, әкімдіктерде орын алып, өз ойларын, ұсыныстарын білдіре алады. Бұл жас ұрпаққа сенім арту символы болып табылады.
Бұл ерекше күн ұлттың болашағы жас ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына тікелей байланысты екенін еске салады.
В Атырау +4