
Саябақ ауылдың кіреберісінде орналасқан.
20 гектар аумақты алып жатқан саябақ құрылысы 2023 жылдың маусымында басталады. Бұл құрылысты жеңіп алған "ГрадСтройСервис" ЖШС осы уақыт ішінде қоршау, жерді тегістеу, төсемтас төсеу, т.б. жұмыстарын жүргізген.
- Бұл жұмыстың 60 пайызы атқарылғанын көрсетеді. Алайда өткен жылы бұл обьект тапсырылу керек еді, тасқынның орын алуы, талонның мерзімінің бітуі, сотқа беру процестері кезінде құрылыстың жеделдете аяқталуына кедергі болғаны бар. Дегенмен биыл қажетті қаржы 193 млн теңге бөлініп, жұмыс жүруде. Мердігер жұмысшыларды жергілікті жерден алып отыр, - дейді Елтай ауылы округінің әкімі Дулатбай САРИЕВ.

Бүгінде құрылыс басында жүрген жұмысшылар демалыс орнын (беседка) темірден пісіріп жасауда. Олар осындай алты демалыс орнын жасамақшы. Тапсырысшының айтуынша, құрылыс жұмысына тәжірбиесі бар жергілікті адамдар тартылуда.

- Бүгінде 200 млн теңгенің жұмысы жасалды. Енді жұмсақ төсемтастар төсеу, ағаштар егу, жарықтандыру, түрлі спорттық құрал-жабдықтар қою жұмыстары бар. Материал жеткілікті, артығымен әкеліп отырмыз. Күні бүгінде 12 адам жұмыс жасап жатыр. Негізі осы жылдың желтоқсанында обьектіні аяқтап тапсыруымыз керек. Бірақ жұмысты жеделдете жүргізіп, осы жаз айында бітіргіміз келіп отыр, - дейді "ГрадСтройСервис" ЖШС-нің осындағы өкілі Жәнібек БАҒЫТЖАН.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0