Атырау, 5 желтоқсан 09:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Бензин экспортқа шықты: Қазақстанда Аи-92 профициті тіркелді

477 рет қаралды
Сурет ChatGPT арқылы жасалды

Қазақстанда Аи-92 бензинінің артық көлемі пайда болып, Энергетика министрлігі 2022 жылдың сәуірінен бері алғаш рет оны бірнеше компанияға экспорттауға рұқсат берді, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" телеграм арнасы.

2025 жылдың І тоқсанында Қазақстан автобензин өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға, яғни 1,611 млн тоннаға дейін арттырды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, АИ-92 маркалы бензиннің қоры қазір 524 мың тоннаны құрайды, бұл елдің 46 күндік қажеттілігін өтейді. МӨЗ резервуарларын шамадан тыс толтырмау үшін сәуір айында бірнеше компания отын экспорттауға рұқсат алды:

2024 жылдың маусым айында бензин экспорттауды бастаған «Конденсат» АҚ Ресей Федерациясынан шикізат алуының арқасында сәуір айында АИ-92-ге 14 283 тонна квота алды. KC Energy тобы Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 26 109 тонна бензин экспорттайды. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» 4525 тонна шымкенттік бензинді шетелге сатпақ. Тағы 9400 тонна басқа ресурс иелерінің үлесінде. Сәуірде АИ-92 экспортының жалпы көлемі 54 мың тоннадан асады.

«Елдегі мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысы нәтижесінде бензин профициті тіркеліп отыр. Бұл ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті жүзеге асыруға жеткілікті», - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында. Қазақстанда 2025 жылдың 30 маусымына дейін мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған. Бірақ тауарлық бензинді ай сайынғы кесте бойынша экспорттауға рұқсат беріледі.

23 сәуір, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.