Атырау, 22 желтоқсан 20:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда жаяу жүргінші көпірінде жеделсаты жасамай, тұрғындарға қолайсыздық тудырып отыр

462 рет қаралды

Атырау қаласы Сәтбаев даңғылындағы жаяу жүргінші көпірінің екі жақ жеделсатысы бір айдан аса уақыттан бері істен шығып тұр. Қарттар мен арбамен жүретін аналар үшін көпірден өту үлкен сынаққа айналған.

- Күн сайын осы көпірді пайдаланамын. Жеделсаты жұмыс істемегелі қиын болды. Көпірге баспалдақпен шығып түсе беруге аяғымыз ауырады, - дейді жергілікті тұрғын.

Айтуыларынша көпірдің бір жақ жеделсатының жұмыс істемей тұрғанына бір айдан асса, екінші бетіндегі жеделсатының жұмыс істемегеніне екі ай болған. Атырау қаласы әкімдігі қазіргі уақытта жедел саты техникалық ақауға байланысты қызмет атқармай тұрғанын айтты. "Қалпына келтіру үшін қосалқы бөлшекке тапсырыс берілді. Жуық арада қайта іске қосылады", - деді әкімдіктің баспаөз қызметі.

Ал жақын маңдағы балама жаяу жүргіншілер жолы Сәтпаев даңғылындағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты адам өтуге жабық тұр. Бұл баспалдаққа міне алмайтын тұрғындарға жолдың келесі бетіне өтуге қолайсыздық тудырып отыр. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 сәуір, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.