
Атырау облысында 22 сәуір 2025 жылы сағат 12:07 шамасында магистральді 10 кВ Ф147 «Д» электр желісінде апатты өшу орын алды. Бұл желі Сарыөзек ауылын, Северная өнеркәсіптік аймағын, сондай-ақ 75 заңды тұлға мен 257 жеке тұтынушыны электрмен қамтамасыз етеді. Бұл туралы «Атырау Жарық» АҚ хабарлады.
Тексеру барысында «Атырау-Астрахань» тас жолында мердігер мекеме жүргізген жол жөндеу жұмыстары кезінде тұтынушылардың біріне тиесілі 10 кВ әуе электр желісінің зақымдалғаны анықталды. КамАЗ көлігі желіге тиіп, электр қуаты үзілген.
Салдарынан «КаспОфшорКонстр» ЖШС-нің №147/93 трансформаторлық қосалқы станциясы толықтай электр қуатынан ажыратылды.
«Атырау Жарық» мекемесінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы энергетикалық мекемелермен келісілмеген, бұл өрескел бұзу болып табылады.
Мамандар әуе электр желілерінің зақымдануы, санитарлық және қорғау аймақтарының сақталмауы ұзақ уақытқа жарықтың өшуіне, өрттің шығуына, адам өліміне және ауыр экологиялық салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді:.
В Атырау 0