Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Нетаньяху: Израиль Жерорта теңізі жағалауында «халифаттың құрылуына» жол бермейді

441 рет қаралды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Яффо қаласында өткен еске алу рәсімінде Израильдің Жерорта теңізі жағалауында «халифаттың құрылуына» жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды АА.

Нетаньяху елдің алдында әлі де көптеген міндеттер тұрғанын атап өтті. Ол Израильдің Газа секторына шабуылдарын жалғастыратынын, ХАМАС-ты жоятынын, израильдік тұтқындарды қайтаратынын және Газадан елге жаңа қауіптің алдын алатынын айтты.

Премьер-министрдің пікірінше, Израильдің әрекеттері Таяу Шығыстың бейнесін өзгертіп, Газада, Ливанда және Сирияда Иран осіне ауыр соққы бергенін көрсетті.

Сонымен қатар, Нетаньяху Израиль мен АҚШ-тың Йемендегі хуситтерге қарсы шабуылдарын еске салып, елдің ішкі саясатына қатысты пікірталастарға назар аударды. Ол Израильде азаматтық соғыс болмайтынын атап өтті.

22 сәуір, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.