Атырау, 16 мамыр 16:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 510.58
€ 571.80
₽ 6.34

​Атырауда шахматтан «Senat Open» II Ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті

Сурет
339 просмотра

Атырау қаласында шахматтан «Senat Open» II Ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті. Додаға облыстың барлық 7 ауданы мен Атырау қаласын қосқанда 60 адам қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарыс швейцариялық жүйе сәйкес 9 турдан тұрды. Турнирге ардагерлер, әйелдер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

– Турнирге кәсіби түрде емес, әуесқой ойыншы ретінде екінші жыл қатарынан қатысып жатырмын. Бос уақытымда шахмат ойнағанды ұнатамын. Себебі бұл ойын адамның ойлау қабілетін дамытып, тәуекелге баруға үйретеді. Баршаңызды шахмат ойнауға шақырамын, – деді қатысушы Болатбай Нұрқалиев.

Жарыс жеңімпаздары жеке және командалық есепте анықталды. «Ең үздік команда» номинациясы бойынша 3-ші орынды Жылыой, 2-ші орын Құрманғазы ауданы алса, Атырау қаласы бірінші орын иеленді. Сонымен қатар қатысушылар «Senat Open» II Ашық кубогының іріктеу кезеңе қатысқан депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, 60 жастан асқан ойыншылар және әйелдер арасындағы үздік ойыншылар номинациясымен марпатталды.

– Іріктеу нәтижесінде үздік шыққан 35 шахматшы Атырау облысының атынан 26 шілде күні Орал қаласында өтетін Батыс аймағының жартылай финалында бақ сынайды. Ал одан оза шапқандар тамыз айында Астанада өтетін республикалық финалда ойнайтын болады, – деді "Қазақстан шахмат федерациясы" республикалық ҚБ АОФ директоры Назгүл Мырзағалиева.
22 сәуір, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.