Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Доллар 3 жылдағы ең төменгі деңгейге құлдырады

435 рет қаралды

Доллар күрт арзандады. Жыл бастала әлемдік экономиканы әбігерге салған көк қағаз 3 жылдық ең төменгі деңгейге бір-ақ түсті. Инвесторлар АҚШ-тағы жағдайды үрейлене бақылап отыр. Себебі, америка өз ішінде тайталасқа түсті, деп жазады Atameken Business.

Ел Президенті Дональд Трамп пен Федералды резервтік жүйе төрағасы Джером Пауэлл арасында текетірес басталды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Трамп командасы орталық банк басшысын қызметінен босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Бұл доллар бағамын құлдыратты. Бір күн бұрын оның құны 1 пайызға арзандап, өзге валюталар үшін 98 доллар 38 центке бағаланған. Бүгін тағы құнын жоғалтқан америкалық купюра 97,92 деңгейінде саудаланып жатыр. 

Саяси қақтығыстың өршуінен Уолл-стрит те күрт төмендеді. Барлық үш негізгі индекс көрсеткіштері бір мезетте құнын жоғалтты. 

22 сәуір, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.