
Гарвард университеті АҚШ үкіметін сотқа берді. Университет Трамп әкімшілігінің 2,2 миллиард долларлық мемлекеттік қаржыландыруды тоқтату туралы шешімін заңсыз деп танып, оны жоюды талап етті.
Бұл дау, ВВС-нің хабарлауынша, Трамп әкімшілігінің Гарвардқа DEI (әртүрлілік, теңдік, инклюзивтілік) бағдарламаларын тоқтату және университет аумағында бетперде киюге тыйым салу туралы талаптарынан басталған. Ол талаптар орындалмаған жағдайда, қаржыландыру тоқтатылады деп ескертілген.
Нәтижесінде Гарвард 2,2 миллиард доллардан айырылып қалды. Сонымен қатар, университет салықтық жеңілдіктерден және шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылу қаупімен бетпе-бет келді.
Гарвард өкілдерінің айтуынша, бұл әрекеттер АҚШ Конституциясына қайшы келеді және сөз бостандығын шектейді. Университет бұл жағдайды "білім мен ғылым саласына үкіметтік бақылауды орнату әрекеті" деп санайды.
Гарвард президенті Алан Гарбердің сөзінше, қаржыландырудың тоқтатылуы балалар обыры, Альцгеймер және Паркинсон ауруларын зерттеуді қоса алғанда, көптеген ғылыми жобаларға кері әсерін тигізеді.
Еске сала кетейік, Трамп әкімшілігі соңғы уақытта Принстон және Колумбия университеттері сияқты бірнеше жоғары оқу орындарын да қаржыландырудан айырған болатын. Дегенмен, Гарвард үкіметке қарсы сотқа жүгінген алғашқы университет болып отыр.
Ақ үй мен жауапты мемлекеттік органдар бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.
В Атырау +4