Атырау, 5 желтоқсан 09:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​NCOC компаниясында кадрлық өзгерістер болды

721 рет қаралды

Мақсұт Хаким North Caspian Operating Company (NCOC) логистика жөніндегі бас менеджері қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 2024 жылдың қазан айынан бері атқарған.

Мақсұт Хаким ҚазҰТУ-дың «Газ және мұнай құбырлары мен газ және мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, АҚШ-тың Хьюстон университетінің MBA дәрежесі бар.

Ол өзінің кәсіби мансабын 2003 жылы Хьюстондағы Chevron компаниясында бастады. Кейінірек Agip KCO (Лондон), Total (Париж) компанияларында жұмыс істеді, сонымен қатар бірқатар ірі қазақстандық және халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, соның ішінде:

  • Қазақстан-Қытай құбыры ЖШС;
  • КазТрансОйл АҚ;
  • Казстройсервис ЖШС;
  • Лукойл Орталық Азия;
  • АМӨЗ ЖШС (бас директор кеңесшісі ретінде).

Сонымен қатар, ол "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ басқарған және «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған.

21 сәуір, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.