Атырау, 8 желтоқсан 21:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі тағы да аукционға қойылды

420 рет қаралды
Сурет: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы, Қазақстанның экс-премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін сатуға үшінші рет аукцион жарияланды.

Мүлік елорданың беделді Нұра ауданында орналасқан және «Қайтарылған активтерді басқару» компаниясының балансында көрсетілген.

Аукцион 13 мамырда сағат 11:00-де өтінімді кезең-кезеңімен арттыру форматында өтеді. Бастапқы баға 1,6 млрд теңгеге дейін төмендетілді, кепілдік жарна 118 млн теңге.

Бұған дейін 12 наурызда зәулім үйді 1,8 миллиард теңгеге сатпақ болғанымен, әлеуетті сатып алушылардан бірде-бір өтініш түспеген.

Еске салайық, 2024 жылдың 6 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.

21 сәуір, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.