Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Құрманғазы ауданында балық аулайтын учаскелер белгіленді

522 рет қаралды

Құрманғазы ауданы балықшылары үшін Қиғаш өзенінен және Каспий теңізі жағалауынан арнайы ау тартым учаскелері белгіленді. 

Жалпы аудан бойынша 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың шілдесіне дейін белгіленген балық аулау лимиті 7426 тоннаны құрап отыр, ауданда балық аулайтын алты шаруашылық бар. 

Осындағы балық шаруашылығымен айналысатын "Каспий-Балық" ӨК науқан қызып тұр. ӨК белгіленген жылдық лимит 2995 тонна болса, ол 49 пайызға орындалған. Бұл өндіріске қарасты Бірлік, Кудряшов, Теңіз ауылдарында балық өңдеу, қабылдау цехтары жұмыс жасайды.

- Жұмыс процесіне орай цехта алдымен сұрыптау, аралау, жуу, тазарту, салқындату, мұздату және тұздау бірінен соң бірі іске асып жатады. Еуростандартқа сай өңделген балық көршілес елдерге экспортқа шығарылып отыр. Мұнда жергілікті тұрғындар тұрақты және маусымдық жұмыспен ұдайы қамтылып келеді, - дейді аудан әкімшілігінің баспасөз қызметкері Гүлхат ХАМЗА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

22 сәуір, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.