Атырау, 22 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Авангард тұрғындары жылдамдық тежегіштер орнатуды талап етті

560 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Атырау қаласындағы Авангард-2 ықшамауданы, 11Б үй тұрғындары аулаларының қауіпті орынға айналғанына алаңдаулы.

Айтуларынша, соңғы үш жылда бірнеше рет полиция мен әкімдікке жүгініп, жол тосқыштар мен жаяу жүргінші белгілерін орнатуды сұраған. Бірақ әлі нақты нәтиже жоқ.

«2022 жылдан бері бірнеше рет өтініш жаздым. Әр жолы “бюджет жоқ” деген жауап аламын», – дейді тұрғындардың бірі.

«Аула іргесінен көліктер жоғары жылдамдықпен өтеді. Жаяу жүргінші жолағы да, ескерту белгілері де жоқ. Соңғы үш жылда екі баланы көлік қағып кетті. Кедергі орнату үшін біреудің баласы қаза болуы керек пе?», – дейді тағы бір ата-ана.

Қалалық жолдар бөлімінің мәліметінше, жыл сайын бір шақырым жасанды кедергі орнатылады. 

- Жылдамдық тежегіштер көбіне мектеп маңына қойылады, кейде аулаларға да түседі. Алайда көлік көп жүретін аумақтарда кедергілер тез ескіреді. Авангард-2 ықшамауданындағы аталған үй биылғы тізімге енгізілді, - деді жолдар бөлімінен.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 сәуір, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.