Атырау, 29 маусым 06:28
 дождьВ Атырау +14.6
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Бақытжан Таубаев «Самұрық-Қазына» АҚ-да стратегия бойынша тең басқарушы директор болып тағайындалды

1 111 рет қаралды

Бақытжан Таубаев «Самұрық-Қазына» АҚ-да стратегия және активтерді басқару бойынша тең басқарушы директор болып тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.

Бақытжан Туриндегі Политехникалық университетті (Италия) бітірген.

Еңбек жолын «Zhambyl Petroleum» ЖШС және «Satpayev Operating» ЖШС-де бұрғылау супервайзері және бұрғылау инженері ретінде бастаған. Сондай-ақ, ол «Zhambyl Petroleum» ЖШС және «Satpayev Operating» ЖШС-де өндіріс жөніндегі орынбасар қызметін атқарған. Кейін «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС-де өндіріс жөніндегі бірінші орынбасар болған. 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған. 

21 сәуір 2025, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.