
Almaty Half Marathon жарысында қайғылы оқиға болды. 21,1 шақырым қашықтыққа жүгіруден жарыс кезінде бірі – 84 жастағы Аққоян Рысәлиев, екіншісі - 21 жастағы Нұрбол Ахмади кенеттен көз жұмды. Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, екеуі де Алматыдағы спорттық шараларға белсенді қатысып жүрді.
Егде тартқан Аққоян Рысәлиев бір шақырым қашықтықты игергенде Әл-Фараби даңғылында кенеттен өзін жайсыз сезінген. Жедел жәрдем бір минут өткеннен кейін келді. Алайда оны құтқара алмады. Дәрігер Әлібек Қожаназаровтың айтуынша, алдын ала қорытынды – өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Созылмалы артериялық гипертензиясы болған.
Екінші қатысушы - Нұрбол Ахмади 16 шақырым қашықтықты еңсергеннен кейін есінен танып қалды. Дәрігерлер келгенде ол демалмай жатты, ал қан қысымы нөл болды. Дәрігер Әйгерім Есдәулетованың айтуынша, алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жіті жүрек жеткіліксіздігі.
Өлімінің түпкілікті себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шыққанда белгілі болады.
Осы жазатайым оқиға болғаннан кейін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бұдан былай бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар күшейтіледі, деп мәлімдеді.
Қазір оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүріп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады. Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
В Атырау -2