Атырау, 5 желтоқсан 09:30
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Итальяндықтар Теңізде ГСК салады: $2 млрд келісімшарт Tecnimont-қа берілді

611 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Теңіз кен орнында газды сепарациялау кешенін (ГСК) салу бойынша ЕРС-келісімшарты итальяндық Tecnimont компаниясы басқаратын консорциумге берілді. Бұл туралы "Нефть и газ Казахстана" телеграм-арнасы хабарлады

Upstream Online мәліметінше, келісімшарт құны 2 миллиард доллардан сәл асады. Бұл келісімшартқа оңтүстіккореялық Hyundai Engineering және испандық Tecnicas Reunidas компаниялары да үміткер болған, бірақ Hyundai Engineering құрылыс құнын оңтайландыруды талқылау кезеңінде шығып қалған.

ГСК Теңізден өндірілетін газдан этан алуға арналған. Этан Атырау облысында жоспарланған полиэтилен өндіру зауытының шикізаты ретінде пайдаланылатын болады. Кешеннің қуаттылығы жылына 9,1 миллиард текше метр құрғақ газды құрайды және 1,6 миллион тонна этан өндіреді. Жоба операторы – «KMG Petrochem» ЖШС.

21 сәуір, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.