
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) ұйымдық құрылымының өзгеруіне, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС құзыреттер орталығы қызметінің кеңеюіне байланысты кейбір блоктардың функциялары қайта қаралды. Атап айтқанда, корпоративтік дамуға жауапты блок күшейтілді, ал газ жобаларын басқару бағыты мұнай және газ өндіру блогына қайта берілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазбек Қайнарбекұлы Құсайынов ҚМГ-ның стратегиялық және корпоративтік дамуына, тұрақты даму мен ESG, жобаларды басқару тиімділігін арттыруға, сондай-ақ декарбонизация және экология мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Қ.Құсайынов еңбек жолын 2000 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-да әкімшілік департаментінің маманы болып бастады. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің бас маманы, «ҚазТрансГаз» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды. «M&SE» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылдың тамыз айынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі — тәуелсіз директоры болды.
Қазбек Құсайынов компаниядан өз еркімен кеткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешевтің орнына келді.
В Атырау +4