Атырау, 16 мамыр 15:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 510.58
€ 571.80
₽ 6.34

​«Таза Қазақстан» акциясы аясында Атырауда ауқымды экологиялық сенбілік өтті

Бейнежазба
465 просмотра

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Атырауда ауқымды сенбілік өтіп, оған қала әкімдігінің, коммуналдық қызметтердің, округ әкімдіктерінің, мердігер мекемелер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігі.

Шараның мақсаты – қаланы көркейту, абаттандыру және экологиялық мәдениетті арттыру.

Қоғамдық орындар, саябақтар мен көшелер, су арналар мен жасыл аймақтар қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.

Сенбілік еліміздің әрбір азаматын қоршаған ортаны қорғауға шақыру, сондай-ақ келер ұрпаққа таза әрі көркем табиғатты мұра ету. Бұл шара – табиғатқа деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. 

Атырау қаласы әкімдігі мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтеді. 


20 сәуір, 22:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.