Атырау, 21 мамыр 10:24
 ашықВ Атырау +22
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Атырауда бес елдің спикерлерінің қатысуымен халықаралық бизнес-форум өтті

Сурет
854 просмотра

Атырауда «Atyrau Business Weekend» халықаралық бизнес-форумы өтті, оның аясында панельдік талқылаулар, инвестициялық жобалардың тұсаукесері және кәсіпкерлік бастамалар көрмесі өтті.

Халықаралық форумға Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және еліміздің әр қаласынан 100-ге жуық бизнес өкілі қатысты.

Форум шағын және орта бизнес өкілдері, инвесторлар, экономика және маркетинг саласындағы халықаралық сарапшылар арасында аймақтағы ең ірі диалог алаңына айналды.

Форумның ашылуында сөз алған Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов:

"Атырау — ел экономикасының локомотиві, бүгінде біз экономиканы әртараптандыруға басымдық беріп отырмыз. Атырау - тек өндірістің ошағы емес. Аймақтың логистикалық әлеуеті де зор, инвестиция салуға өте қолайлы, кадрлық әлеуеті ешкімнен кем түспейді. Облыс бойынша 62 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъекті тіркелген. 2024 жылы кәсіпкерліктер өндірген өнімнің көлемі 5 3 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдағыдан 2,9%-ға артық. Бұл аймақтағы кәсіпкерлікті қолдау шараларының нәтижесі. Бүгінгі халықаралық бизнес-форум да өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына өз үлесін қосып, жаңа жобаларға, жаңа серіктестіктерге, стратегиялық ынтымақтастықтарға жол ашады деп сенім білдіремін",-деді.

Форумда қатысушылар білікті сарапшылардың баяндамасын тыңдап, инвестиция саласындағы мүмкіндіктерді талқылап, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Спикер ретінде Freedom Finance Global жария компаниясының сыртқы байланыстар және ақпарат жөніндегі атқарушы директоры Михаил Новоселов, экономика ғылымдарының кандидаты, «Синергия» бизнес мектебінің құрметті профессоры, Ресей маркетингі саласының мойындалған гуруі және бірнеше маркетингтік кітаптың авторы Игор Манн, Маркетинг бағыты бойынша PhD докторанты, БҰҰ-ның спикері, Қазақстандағы Котлердің баспа-редакциялық алқасының мүшесі, 2026 жылға арналған Қазақстан корейлерінің қауымдастығы жанындағы Бизнес клубының президенті Элла Пак шақырылды.

18 сәуір, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.