Атырау, 8 желтоқсан 21:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Алматыда алауыздық тудыратын пікір үшін қылмыстық іс қозғалды

764 рет қаралды

Алматыда полиция ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар жарияланымды анықтап, қылмыстық іс қозғады.   

Бұл туралы Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық полиция Департаменті әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар жарияланымды анықтады. Белгілі болғандай, қала тұрғыны А.А.есімді азамат, болжам бойынша тұрғылықты жері Алматы қаласында, өзінің YouTube парақшасында «адамдарды саяси наным-сенімге байланысты пышақтау қалыпты жағдай» деген мазмұнда мәлімдеме жасаған бейнероликті жариялаған.

Бұл бейне көпшіліктің үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде наразылық толқынын тудырды. Қолданушылар мұндай мәлімдемелерді зорлық-зомбылыққа шақыру және ұлтаралық келісімге қауіп төндіру деп атады.

Аталған дерек бойынша Алматы қалалық ПД тергеу Басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жарияланымның авторы анықталып, қажетті процессуалдық әрекеттерді жасау үшін полицияға жеткізілді.

"Алматы полициясы, қоғамдық тұрақтылыққа нұқсан келтіріп, алауыздық тудыруы мүмкін деструктивті материалдарды таратуға жол берілмейтінін және заң аясында қатаң түрде жолын кесетінін еске салады. Азаматтарды өзара сыйластықты және қолданыстағы заңнаманы сақтауға шақырамыз", - делінген ресми хабарламада. 

18 сәуір, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.