Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Өзбекстанда салынып жатқан жаңа қала Ұлы Моғолдар императорының құрметіне аталады

794 рет қаралды
Сурет: АА

Өзбекстанның Әндіжан қаласында орталықазиялық шыққан Захириддин Мұхаммед Бабырдың есімімен аталған қала пайда болады. Ол Үндістанды жаулап алып, Ұлы Моғолдар империясын құрған, деп хабарлайды АА.

Өзбекстанның шығысында, Әндіжан қаласының маңында салынып жатқан бұл қаланың құрылысы 2021 жылы басталды.

Президент Шавкат Мирзиёевтің бастамасы бойынша жаңа қала Бабуридтер әулетінің негізін қалаушының атымен аталды. Президент бұл аптада Әндіжан облысына барып, құрылыс барысымен жеке танысты. Сонымен қатар, ол «Жаңа Өзбекстан» саябағында ұйымдастырылған халықтық шараға қатысты.

Бұл қалада білім беру кластері, университет, IT-парк, спорттық кешендер, кітапхана, музей, балабақшалар мен мектептер салынады. Туристік, мәдени орталық және жаңа «ақылды қала» болады.

Қала аумағы – 4 мың гектар. Оның 1820 гектары саябақтар мен жасыл аймақтар. Қалған бөлігі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен инфрақұрылымға арналған. Қазірдің өзінде бірнеше көпқабатты үйлер, мектеп, емхана, сауда орталықтары және өндірістік нысандар салынған.

Ол 1483 жылы Әндіжанда дүниеге келіп, 12 жасында таққа отырды. Оның әдеби және ғылыми мұрасы өте бай. Бабыр «Бабыр-наме» мемуарлары мен көптеген әдеби шығармалардың авторы. Ол өзінің шрифтін жасап, сол арқылы Құранның көшірмесін жазған.

18 сәуір, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.