
2025 жылдың наурыз айында Атырауда тіркелген жағымсыз иіске байланысты Атырау облысы бойынша экология департаменті «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ (КҚК-К) қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуді тапсырды.
Тексеруге облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми сауалы негіз болды. Жағымсыз иіс 17, 18 және 19 наурызда тіркелді. Бұл туралы Атырау облысының экология департаментінен хабарлады.
Тексеру 17 сәуірде басталды. Қазіргі уақытта департамент мамандары сынамалар алып, құжаттаманы зерделеуде.
Ведомство тергеу аяқталмай тұрып, қандай да бір алдын ала қорытынды жасау ерте және негізсіз екенін атап көрсетеді. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тексеру он жұмыс күні ішінде аяқталуы тиіс.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -1