Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырауда мемлекеттік тіркеу белгілерін ауыстырған жүргізуші қамауға алынды

959 рет қаралды

Атырауда сот бөтен нөмірмен көлік жүргізген жергілікті тұрғынды жауапқа тартты. Құқық бұзушылық 2025 жылдың наурыз айында полицейлер LADA 2114 көлігін жүргізіп келе жатқан жүргізушіні тоқтатқан кезде анықталды. Көлікке орнатылған тіркеу нөмірлері шын мәнінде басқа көлікке тиесілі екені анықталды.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша (көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) жүргізушіні кінәлі деп тапты.

Сот оған әкімшілік жаза ретінде 2 тәулік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

18 сәуір, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.