
Өңірде «Бекіре-2025» кең ауқымды балық қорғау акциясы басталғалы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және ҚР ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасының 329 бұзушылығын анықтап, тоқтатты. Нәтижесінде 237 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- 1-18 сәуір аралығында браконьерлік және сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар балық түрлерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалып, заң бұзушыларға жалпы сомасы 5,6 миллион теңге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 1 тонна 556,4 кг балық тәркіленді, оның ішінде 362,9 кг бекіре тұқымдас балық, - деді Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстем Қорқытов.

Одан бөлек су айдындарынан 80 жуық ау құралдары мен 17 су көлігі тәркіленген. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті тралдау нәтижесінде су айдындарынан 186 заңсыз балық аулау құралдары алынған. Акция 2025 жылғы 31 мамырға дейін жалғасады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ